Musica36 лейблінің негізін салушы Скриптонит ресейлік Raava music лейблінің әншісі Andro-мен “Дракон” деген жаңа әнін шығарды. Әртістер бұл туралы әлжеліде бөлісті.
Танымал екі рэпердің мұндай фитін ешкім күтпеген көрінеді. Youtube-қа жүктелген видеоның астына тыңдармандары “Олар фит дайындап жатқанын кім білді?”, “Мүлдем күтпедім”, “Андро және Скрип жарады” деген комменттер жазып жатыр. Туынды 7 сағат ішінде 30 мыңнан астам көрілім жинап үлгерді. Жаңа әнді кез келген музыкалық платформадан тыңдауға болады.