Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Warner Music Group ресейлік Zhara Music лейблін сатып алды

by Opa Media
25.03.2021
Reading Time: 1 min read

Фото: gazeta.ru

Моргенштерн, Dava сынды әртістермен жұмыс істеп жүрген Warner Music Group компаниясы  ресейлік  Zhara Music лейблін сатып алды. Бұл туралы ақпаратты сәрсенбі күні ТАСС ақпарат агенттігі жариялады.

Zhara Music компаниясы шамамен үш жыл бұрын құрылған. Компания иегерлері — кәсіпкер әрі музыкант Эмин Агаларов пен көпшілікке Bahh Tee лақап атымен танымал орындаушы Бахтияр Алиев.

 Сонымен қатар, Warner Music Group  70-жылдық тарихы бар Atlantic Records дыбыс жазу орталығының ресейлік бөлімшесін ашқаны туралы хабарлады. Енді Atlantic Records бренді Zhara Music ұсынған әртістермен жұмыс істейтін болады.

Келісім-шарт нәтижесі бойынша, Zhara Music лейблі толық ребрендиң жасап, қызметін Warner Music бөлімшесі ретінде,  Atlantic Records Russia атымен жалғастырмақ.

Лейблдің әртістері қазір Қытай, Таяу Шығыс елдерінде танымал. Warner Music құрамына кірген музыканттар енді әлемдік сахнаны бағындыруға ниетті.

Бахтияр Алиев (Bahh Tee) Atlantic Records Russia-ның бас продюсері қызметіне тағайындалды. 

«Эмин екеуміз шамамен 3 жыл бұрын Zhara Music-тің негізін қалағанда, бәрі сәтті боларына кәміл сендік. Әндеріміз тыңдарман жүрегінен орын табатынын білдік. Бірақ, жетістікке осылай тез жетеміз деп ойламаған едік. Енді әртістерімізді өз елімізде және әлемдік сахнада жаңа деңгейге көтереміз», — деген сөзін компанияның баспасөз қызметі жариялаған.

 

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС