Marvel-дің “Қара жесір” (ағыл. Black Widow) фильм премьерасы 9 шілдеге жоспарланған. Супер қаһарман Наташа Романоффтың картинасы кинотеатрларда және Disney+ стримиң қызметінде қатар көрсетіле бастайды. Бұл туралы Daily Afisha хабарлады.
Жаңа фильмді Premium Access рұқсаты бар Disney+ абоненттері тамашалай алады. Ол үшін қосымша 30 доллар төлеу керек болады. Бұған дейін мұндай әдіс «Рая және соңғы Айдаһар» мультфильмі мен «Мулан» ремейкінде қолданылды.
Стримиң қызметте алдағы айларда тағы екі ірі премьера өтпек. 28 мамырда «Круэлла» кинотеатр мен Disney+ платформасына бір мезгілде прокатқа шығады. 18 маусымда стримиң жүйеде «Лука» мультфильмі көрсетіледі, бірақ кинотеатр прокаты болмайды.