Танымал актриса Салтанат Бақаеваның отбасы Covid-19-бен ауырып жатыр. Әнші ата-анасының ауруханада аурумен күресіп жатқанын айтты. Елімізде Логдаунды күшейткені үшін, наразы халыққа Салтанат Instagram парақшасында жауап берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
“Логдаун жариялағалы бері көпшілік бизнесіміз тоқтап қалды деп наразы болып жатыр. Дегенмен елімізде коронавируспен ауырып жатқан адмдардың саны күннен-күнге өсіп жатыр. Мені тек аурумен бетпе-бет келген адам ғана түсінетін шығар. Бұл вирус өзгеше және қатты күшейіп кеткендей. Өкінішке қарай, отбасым коронавируспен ауырып қалды. Ата-анам әлі ауруханада аурумен күресіп жатыр. Ең қиын сәтте біздің қолымыздан ешнәрсе келмейді, тек жақсылыққа және дәрігерлерге сеніп отырмыз. Олар қолынан келгенді жасап жатыр”, — деді Салтанат.
Әншінің айтқанына оқырмандар пікірі екіге бөлінді. Бірі аурудың барына сенбей “Осы жазбаңыз үшін әкімшілік сізге ақша берген шығар, иә? Әншілерге кім ақша берсе, соған қызмет жасап кетеді ғой” десе, енді бірі “Ата-анаңыз жазылып кетсін. Сақтану керек. Ешкім ауырмасыншы” деп тілек білдірді.