Осы апта түрлі музыкалық туындылар мен ешкім күтпеген фитпен таңқалдырды. Opa редакциясы кейінгі күндері отандық әншілер шығарған жаңа әндер топтамасын ұсынады.
M’dee — Телефон
Musica36 лейблінде өнер көрсетіп жүрген M’dee “Телефон” атты жаңа романтик трек шығарды. Жаңа туындысын әнші бүгін өтетін Мәскеудегі алғашқы үлкен концертінде орындамақ. Сондай-ақ, шарада жаңа альбомының премьерасы өтеді деп жоспарлануда.
Айдана Меденова — Тосын сый
Бір ай бұрын “Тик-ток” деген көңілді әнін шығарған Айдана Меденова бұл жолы тыңдарманға “Тосын сый” деген баяу әнін тарту етті. Әнді “Той Думан” арнасының Youtube, Telegram, Вконтакте әлжелілерінен тыңдауға болады.
ZEYIN — Suikimdi Aru
Бұл аптада ZEYIN есімді жас әнші дебют жасады. Жаңа әні презентациялаған lyric видеосы Gakku TV Youtube арнасынада жарияланды.