Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Токио олимпиадасына Қазақстан атынан қанша спортшы қатысады?

by Opa Media
25.03.2021
Reading Time: 1 min read

Фото: olympic.kz

Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Биыл Токиода өтетін Олимпиадаға қазақстандық спортшы Руслан Құрбанов лицензия жеңіп алды. Осылайша, Қазақстан активінде 18 спорт түрі бойынша 45 лицензия бар. Бұл туралы olympic.kz хабарлады. 

Лицензия — белгілі бір ел спортшыларының Олимпиада ойындарына қатысу құқығы. Әдетте олимпиада ойындарына лицензия беру туралы шешімді әр спорт түрі бойынша халықаралық одақтар, қауымдастықтар немесе федерациялар қабылдайды. 

Қазақстандық спортшылар альпинизм, бокс, үстел теннисі, көркем жүзу, жеңіл атлетика, садақ ату, еркін және грек-рим күресі, стенд ату, су добы, заманауи бессайыс, гимнастика, велоспорт, жүзу, каратэ және семсерлесу сияқты спорт түрлерінде бақ сынаспақ. 

Токиодағы Олимпиада ойындары былтыр өтуі керек еді, бірақ пандемияға байланысты шегеріліп, 2021 жылғы 23 шілдеден 8 тамызға аралығында өтетін болды. 

Бүгін Жапонияның Фукусима қаласында Токио Олимпиадасының алау эстафетасы басталды. Олимпиада алауы Токио ойындарының ашылу салтанатына дейін 121 күн бойы Жапонияның 47 префектурасын аралайды. 

Tags: Қазақстан атынанРуслан ҚұрбановТокио олимпиадасы

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС