Қазақстан футбол құрамасы Нұр-Сұлтанда өткен Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде қазіргі чемпион Франциядан ұтылып қалды.
Алғашқы голды 19-минутта Францияның шабуылшысы, “Барселона” құрамасының ойыншысы Усман Дембеле салды. Ол, сондай-ақ, ойын кезінде ереже бұзып, сары қағаз алды.
Ал 44-минутта қазақстандық қорғаушы Сергей Малый өз қақпасына екінші голды салды.
Екінші кезеңдегі Франция тарапынан болған шабуылдар нәтиже бермеді. Әлем чемпионатына іріктеу ойынында Франция құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын кезінде 40 жастағы қазақстандық қақпашы Александр Мокин ерекше көзге түсті. Ол әлемнің үздік фулболшыларының бірі Килиан Мбаппенің жаққынан соққан пенальтиіне де төтеп бере алды.
Айта кетсек, бұған дейін Франция Мбаппе сияқты ұлттық құрама ойыншылары карантин режиміне байланысты Қазақстанға бармайтынын айтқан болатын. Алайда Нұр-Сұлтанға Франция толық құраммен келді.