Ресейлік актриса Валерия Ланская “Точь-в-точь” шоуында Димаш Құдайбергенге пародия жасады. Ол Димаштың “Любовь уставших лебедей” әнін орындады. Алайда қойылымы көптің наразылығын тудырып, Максим Галкиннің сынына қалды.
Танымал жүргізуші Максим Галкин Валерияның пародиясын “сұмдық” деп сынап, 3 балға ғана бағалады.
“Мені кешіріп қойыңыздар, бірақ қойылым сұмдық болды. Жоғары нотада ән айта алсаң болды, әннің жартысын солай орындап шығу керек деген сөз емес. Димаш Құдайберген — керемет әнші, бағдарламада оның образын қайталамауға кеңес берер едім”, — деді Галкин.
“Точь-в-точь” — ресейлік бірінші арнаның бағдарламасы. Жоба қатысушылары әйгілі музыканттарға пародия жасауы керек. Әр шығарылымда қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бес балдық шкаламен бағалайды. Шоу жеңімпазы жобадағы бүкіл ұпайды жинақтау жүйесімен анықталады.