Эстрада әншісі Ерке Есмахан жетістікке жету үшін аса білімді болудың қажеті жоқ, бұл ретте көбіне әсер ететін адамның санасы дейді. Жұлдыздың сөзінше, айтпақ ойын психологтардың түпсана мен бейсана туралы пікірлері қуаттайды. Түпсананың не екенін білмесе де, әртіс кішкентайынан көп армандай білгенін айтты. Нәтижесінде ойлағанының бәрі жүзеге асқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram-ға жариялаған бұл жазбасына оқырмандары “Сенің даналығыңды юморыңнан білуге болады. Қалжыңды интеллекті жоғары адамдар ғана санасын орынды пайдалана біледі”, “Осыны кеш түсініп жатырмыз ғой”, “Санасыздарға білім берсін”, “Сабақты шемішкедей шаққандар базарда тауар сатып жүр” деген пікірлер қалдырған.