Жақында бастау алған OYU қазақстандық youtube жобасының 5-ші шығарылымы жарық көрді. Бұл жолы Shiza лақап атымен танымал шымкенттік әнші Асхат өнер көрсетті. Ол көптің көңілінен шыққан Shym деген әнін орындады.
Былтырғы қыркүйекте Youtube-те жарияланған “Shym” видеоклипі 3 млн-ға жуық көрілім жинаған.
OYU-дің бұған дейінгі бөлімінде Asiya, Ирина Кайратовна, The Buhars feat. jeltoqsan, Dudeontheguitar өнер көрсеткен болатын.