Танымал актер Дәурен Айдарқұлов Instagram желісінде өзінің бақытты екенін айтты. Ақбота Сейітмағанбетпен ажырасқаннан кейін үшінші мәрте үйленуге ниетті екенін мәлімдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
“Өмір тамаша! Ата-анам, балаларым, нағыз достарым жанымда. Сүйікті ісіммен айналысамын. Толық бақытты болу үшін тағы не керек?! Дұрыс! Үшінші әйел алуым керек!”, — деді актер.
Фоллоуерлері “Бірден екеуін алсаңызшы, сізге аз болады-ау”, “Алла Тағала сізге адал жар бұйыртсын”, “Сіз бақыттысыз ғой, кейбірінде біреуі де жоқ”, “Әр еркектің арманы”, “Ақбота тым жақсы қыз, қор болды-ау” деген пікірлер қалдырған.