31 наурыздан 1 сәуірге қараған түні Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екінші матчын өткізеді. Украина командасымен сырт алаңда ойнайды, деп хабарлайды Sports.kz
Киевте Қазақстан құрамасы Украина командасымен кездеспек. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те басталады. Тікелей эфирді QazSport телеарнасынан көруге болады.
Айта кетсек, қазақстандық футболшылар биылғы іріктеу кезеңін жеңіліспен бастады. Нұр-Сұлтанда олар француздардан 0:2 есебімен ұтылды. Ал Украина құрамасы үшін бұл ӘЧ іріктеу кезеңінде үшінші матч болмақ. Бірінші мачта Франциямен (1:1) тең ойнаған украиналықтар Финляндиямен екінші матчты да дәл осындай есеппен аяқтады.