Танымал қазақстандық модель, дизайнер Айя Шалқар латын графикасындағы қазақ тіліне арнап жаңа қаріп (шрифт) жасап шығарды. Ол бұл туралы “Studio oneki” өнер және дизайн студиясының instagram парақшасында бөлісті.
“Қазақ латын шрифтін іздеуден және “glyph”-тарды қолданудан шаршадыңыз ба? Oneki Typeface — бұл Oneki студиясы дамытып жасаған қазақ латын әліпбинің ыңғайлы да оңай нұсқасы. Пернетақтаны бақылау нәтижесінде біз жаңа “QÄERTY“ орналасуын мәтін жазу үшін ең ыңғайлы деп таптық. Біздің жаңа сайтымыздан (профильдегі сілтеме) немесе Telegram каналымыздан Oneki Typeface-ты компьютеріңізге тегін жүктеп алыңыз”, — деп жазылған Studio oneki парақшасында.
Сонымен қатар, пернетақтаға арналған стикерлер де тегін таратылмақ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram