Қазақстандық актриса Самал Еслямова Canal+ француз арнасы түсіріп жатқан “Инфинити” (Infinity) сериалына түседі. Бұл шетелдік туындыда отандық актер Данияр Алшынов та бас рөлсомдайтынын жазған едік.
Бұған дейін Самал Еслямова Канн фестивалінде «Айка» фильміндегі ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін берілген жүлде иегері атанған.
Түсірілімі 1 наурызда басталған “Инфинити” мини-сериалы 6 бөлімнен тұрады. 14 аптаға жоспарланған түсірілім Қазақстан, Украина, Франция елдерінде өтеді. Бас рөлді Данияр Алшынов пен Селин Саллет сомдайды.