Футболдан Қазақстан құрамасы Украинамен тең ойнап, 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде алғашқы ұпайын жинады. Ал Украина үшін бұл үшінші рет тең түскен ойын болды. Бұған дейін Франция мен Финляндия құрамаларымен де тең ойнаған.
Киевтегі “Олимпиада” стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Украина құрамасының ойыншысы Роман Яремчук 20-шы минутта гол соғып, командасын алға шығарған болатын. 59-шы минутта қазақстандық ойыншы Серікжан Мужиков есепті теңестіріп, 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеудегі Қазақстан тарапынан соғылған алғашқы доптың авторы атанды.
Айта кетсек, матч алдындағы Франциямен кездесудің ең үздік ойыншысы атанған 40 жастағы қақпашы Александр Мокин Қазақстан құрамасындағы мансабы аяқталғаны жайлы ақпарат тарады. Алайда Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов Vesti.kz сайтына берген сұхбатында бұл әлі белгісіз екенін хабарлады.