Google карталары жүргізушілерді экологиялық таза бағыттармен жүргізуді қолға алды. Бұл функция Google-дың «климат өзгеруіне қарсы күрес» бағдарламасы аясында жүзеге аспақ. Оны алдымен АҚШ-та жыл соңына дейін іске қосып, содан кейін жаһандық нарыққа шығару жоспарланып отыр.
Бағдарлама енгізілгеннен кейін Google карталары автоматты түрде eco-friendly бағыттарды көрсететін болады. Егер экологиялық тұрғыдан лас жол Google ұсынған бағыттан әлдеқайда қысқа болса, қолданушы екі жолды салыстырып, өз бетінше таңдау жасай алады.
Сонымен қатар, маусым айынан бастап Google жүргізушілерді көміртегі шығарындысының деңгейі төмен аймақтар арқылы жүру туралы ескерте бастайды. Атап айтқанда, бұл Германия, Франция, Нидерланды, Испания және Ұлыбритания сияқты елдерге қатысты.