Танымал әнші Жігер Ауыпбаевтың көптен күткен “Ғашық болғым келмейді” жаңа әні жарық көрді. Туындыны Жігердің telegram каналынан, youtube арнасынан тыңдауға болады. Youtube желісінде жарияланған видео қазірге дейін 3 мыңнан астам көрілім жинап үлгерді.
Сонымен қатар, Жігер Ауыпбаев “Егіз лебіз” жобасына қатысқалы жатқанын мәлімдеді. Бірақ жоба ортасына келген кезде Жігер қатысушы бола ма, әлде әділ қазы болып бара ма, әлі белгісіз. Айта кетсек, Жігер Ауыпбаев әзілкеш Мереке Қалбаевамен бірге “Екі жұлдыз” жобасына қатысқан болатын.