Youtube компаниясы жүктелген видеолардың астындағы дизлайк санын көрсету функциясын алып тастауды жоспарлап отыр. Осыған орай платформа “кішігірім тәжірибе” жасап көрмек, оның аясында дизлайк саны жасырылған әртүрлі дизайндағы интерфейстер сыналатын болады.
Видеохостиң басшылығы мұндай шешімді кибербуллиңмен күресу мақсатында қабылдағанын айтады, себебі контентмейкерлер үшін бұл үлкен мәселеге айналып барады.