Бас рөлін Саша Барон Коэн сомдаған “Борат 2” фильмі Оскар тарихындағы атауы ең ұзын фильм ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Гиннес рекордтар кітабының twitter парақшасында хабарланды.
The gigantic title of Sasha Baron Cohen's film has set an #Oscars record!
— #GWR2023 OUT NOW (@GWR) March 20, 2021
Фильмнің толық атауы «Borat Subsequent Moviefilm: Delivery of Prodigious Bribe to American Regime for Make Benefit Once Glorious Nation of Kazakhstan» (Борат туралы кезекті фильм: бір кездері даңқты болған Қазақстан халқының әл-ауқатының жақсаруы үшін америкалық режимге үлкен пара беру).
Бұған дейінгі рекорд 1965 жылғы «Those Magnificent Men in Their Flying Machines or how I Flew from London to Paris in 25 hours 11 minutes» картинасына тиесілі болған.
«Борат-2» фильмі «Оскар-2021» сыйлығына бірден үш номинацияда ұсынылып,“Үздік комедия” атағын жеңіп алды. Ал Саша Барон Коэн “Үздік актер” атанған болатын.