Алуа Қонарова продюсерлік ететін Renzo бойзбендінен Есет Жарылқасынов кетті. Енді топ трио болып өнер көрсетпек. Бұл туралы продюсер Gakku plus арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Алуа Қонарова Есеттің отбасылы және балалары барын мәлім етті.
“Біздің Есет енді Renzo тобының құрамында емес. Биыл біз локдаунға және карантин шараларына байланысты жұмыссыз қалдық, соның әсерінен концерттер де болмады. Ешкімге құпия емес шығар, біздің Есет үйленген, балалары бар және ол отбасын асырау керек”, — деді Қонарова.
Оның айтуынша, бәрі бейбіт түрде қоштасқан екен.