Тұрғын үйлерді жалға беретін танымал электронды қызмет Airbnb компаниясы мүмкіндігі шектеулі қонақтарына арналған онлайн-саяхаттар сериясын әзірледі.
Бұл инклюзив қажеттілігі бар балаларға арналған виртуал саяхат жобасы болмақ. Жоба авторларының пікірінше, пандемия мен карантин шаралар дәл осы санаттағы адамдарға ең көп әсер етті.
Енді Airbnb сайтында аутизм, дислексия сияқты дерттерге шалдыққан балаларға арналған 12 жаңа онлайн саяхат ұсынылады. Бұл саяхаттар оларға ерекше әсер алып, жаңа тәжірибе жинауға көмектеседі.