“Қара қызым” әнімен танымал Асан Пердешов жаңа видеоклип шығарды. “Емі не” видеоклипі “Той думан” youtube арнасына жарияланып, 3 күнде 36 мыңнан астам көрілім жинады.
Видеоклипте танымал “Тағы бір тоқсан” сериалының актері Бексұлтан Әкімжан мен “Махаббат, қызық мол жылдар” сериалының актрисасы Ақпейіл Манарханова қос ғашықтың рөлін сомдайды.