Желіде Хәрри Поттердің сериал түріндегі жалғасы қалай, қашан шығатынына қатысты қызу талқы жүріп жатқанда франшиза бойынша жаңа ақпарат шықты. We got this covered порталының инсайдерлеріне сенсек, Warner Bros. студиясы «Хогуартс» мектебінде у әзірлеу сабағынан беретін оқытушы Северус Снейп туралы приквел түсіруді ойластырып жатқан көрінеді.
Франшизаның бүкіл фильмінде Северусты сомдаған актер Алан Рикман 2016 жылы дүниеден озды. Сондықтан, жаңа жобада әйгілі профессордың рөлінде кім ойнайтыны әлі белгісіз. Сага жанкүйерлері приквелдің сәтті боларына күмән келтіріп отыр: олар Хогуартс профессорының рөлін Алан сияқты ешкім сомдай алмайтынына сенімді.