Кейінгі кезде Жұлдыз Әбдукәрімованың жаңа үй іздеп жүргенін оқырмандары Қайрат Нұртаспен ажырасып кетті деп болжаған болатын. “Әлем ханымы” жарымен қарым-қатынасы туралы ел арасында тараған қауесетке жауап берді.
Жұлдыз Әбдукәрімова instagram stories-те “Қайрат қайда?” деген толассыз сұраққа жауап” деп жазып, бірге тамақтанып отырған сәттен видео бөлісті.
“Сені көп оқырмандар жоғалтып алды менің парақшамнан. Қазір Қайраттың парақшасын белгілеп кетемін. Қайратты іздесеңіздер, сол парақшасына кіріп, оқысаңыздар болады”, — деді ол.
