Британиялық БАҚ-тың хабарлауынша, бұл қайғылы жайт былтыр жазда болған, бірақ мән-жайы енді ғана белгілі болып отыр.
Ата-анасына қонаққа барған актриса үйдің бақшасында жүргенде кенет эпилепсия ұстамасына шалдығып, бірден қайтыс болған. Алайда, бұған дейін Амияға қойылған диагнозда дерт жайында ештеңе айтылмаған. Медициналық сарапшылардың дерегінше, бұл эпилепсия салдарынан кенет болатын өлім.
Актрисада мұндай ұстама алғаш рет 2018 жылы болса, екіншісі — өлімінен бірнеше апта бұрын болған. Дәрігерлер актрисаның ағзасында не болып жатқанын анықтай алмаған. Нақты диагнозды Амия қайтыс болғаннан кейін ғана қойып отыр.