OYU жобасының алтыншы бөлімінде Қазақстан халық әртісі Роза Рымбаева мен Aray Tribute тобы өнер көрсетті.
Қазақтың примадоннасы 90-шы жылдарда хитке айналған “Мы встретимся” әнін орындады. Бұл ән Рымбаева мен “Арай” ансамблінің 1987 жылы шығарған пластинкасында болды. Әні мен сөзін жазғандар — Батырхан Шүкенов пен Владимир Миклошич.
Халық әртісімен бірге әнді бэк-вокалда ұлы Әли Оқапов пен “Украина дауысы” жобасына қатысып жатқан Диляра Дидарқызы орындады.
Айта кетсек, ұйымдастырушылар OYU жобасына хип-хоп, инди, поп және т.б. түрлі жанрдағы музыканттар мен қазақстандық эстрада өкілдері қатысатынын мәлімдеген. Бұған дейінгі жобада Dudeontheguitar, The Buhars feat. jeltoksan, Ирина Кайратовна, Asiya, Shiza бой көрсетті. Жаңа шығарылым әр сейсенбі сайын жарық көреді.