Темірлан Олжабаев пен Ернат Наурыз есімді қазақстандық домбырашылар Ұлыбританиядағы Golden Time Talent жобасының гранд-финалына өтті. Бұл туралы олар instagram парақшаларында хабарлады.
“ Британиялық “Golden Time Talent” байқауының финалындамыз”, — деп жазып, өнер көрсеткен сәттен видео бөлісті.
Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз әйгілі қазақ күйшілері Құрманғазы Сағырбайұлы, Нұрғиса Тілендиев, сондай-ақ, қазіргі композиторлардың шығармаларынан попурри қылып орындаған.
Енді қазақстандық домбырашылар дуэті Golden Time Talent гранд-финалына қатысады. Ол 23-27 мамыр аралығында Лос-Анджелесте өтеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram