Скриптониттің “Свистки и бумажки” (қаз. Ысқырықтар мен қағаздар) альбомы Russia Apple Music Top Albums чартында бірінші орынға шықты, деп хабарлайды kworb.net.
Рэпердің 15 тректен тұратын алтыншы альбомы 27 наурызда тыңдарманға жол тартты. Скриптониттің 2015-2019 жылдар аралығында жарық көрген тағы төрт альбомы Russia Apple Music Top Albums чартында топ-40-қа енген:
«2004» альбомы — 26 орын;
«Уроборос: Улица 36» (Уроборос: 36 көше) — 29 орын;
«Дом с нормальными явлениями» (Қарапайым құбылыстары бар үй) — 31 орын;
«Праздник на улице 36» (36 көшесіндегі мереке) — 37 орын.