LinkedIn компаниясы қызметкерлерін бір апталық ақылы демалысқа жіберді. Мұндай шешімді әлеуметтік желі басшылығы өз командасын эмоционал/кәсіби күйзелістен қорғау үшін қабылдаған.
Компанияның 16 мыңнан астам қызметкері демалысқа кеткенін LinkedIn HR директоры Теуила Хенсон CNN баспасына берген сұхбатында айтты.
«Біз қызметкерлерімізге расымен құнды нәрсе бере алатынымызға көз жеткізгіміз келді. Қазір сол құнды нәрсе — ұжым болып демалысқа кету», — деді Теуила Хенсон.