Былтырғы қарашада басталған “Сыныптас” сериалының 7 бөлімі жарық көрді. Жаңа бөлім екі күнде 1,2 млн көрілім жинап, Youtube trend-те 1 орынға шықты.
2020 жылғы 17 қарашада жарық көрген сериалдың алғашқы бөлімі осы уақытқа дейін 4,7 млн рет көрілген. Туынды түсірілімімен “Как будто” командасы айналысады.
Миллионнан астам көрілім жинайтын сериалдың жаңа бөлімі бір айда бір рет шығады. Осыған қатысты көрермендер наразылық білдіріп, “Келесі серия шығамын дегенше армияға барып келейін…”, “Енді бір 100 жылда 8-ші серияны да көріп қалармыз”, “8-ші серия шыққанша “Сыныптасты” ұмытып кететін мен ғана ма?” сынды комменттер жазуда.