Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Иманбек танымал Шон Пол мен София Рейеспен бірлесіп жаңа ән шығарады

by Opa Media
08.04.2021
Reading Time: 2 mins read

Фото: @imanbekmusic

Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

“Грэмми” (Grammy) иегері атанған Иманбек Зейкенов танымал әнші Шон Пол және София Рейеспен бірлескен жаңа ән шығармақ. “Dancing On Dangerous” деп аталатын жаңа туынды 9 сәуірде жарық көреді. Бұл туралы Иманбек instagram-да хабарлады.

“Шон Пол, София Рейеспен бірге жазған “Dangerous-та Dancing” әні осы жұмада шығады”, — деп жазды Иманбек.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Imanbek Musiс (@imanbekmusic)

Жаңа ән туралы София Рейес instagram парақшасында “Бұл түсім емес қой? Арман орындалды”, — деп жазды. 

Шон Пол — Ямайка дэнсхолл орындаушысы. Ол да Иманбек сияқты беделді “Грэмми” музыкалық сыйлығының иегері. Оның  “Give It Up To Me”, “She Doesn’t Mind”, “Got 2 Luv U” сияқты әндері көпке танымал, Youtube-тегі видеоклиптері жүз миллиондаған көрілім жинаған. 

София Рейес — мексика-америкалық әнші, ән жазушы және актриса. Рита Орамен “R.I.P.” деген ән шығарғанымен де белгілі. Бұған дейін Иманбек те Рита, David Guetta сынды жұлдыздармен бірлескен туынды шығарған болатын.

Tags: “Dancing On Dangerous”SEAN PAULSOFÍA REYESИманбекСофия РейесШон Пол

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС