K-pop айдол бұл жаңалықты жанкүйерлеріне өзі хабарлады. Фан-қауымдастықтардың бірінде ол:
«Әскерге 6 мамырда қабылданатыным туралы хабарлама алдым. Ұзақ уақытқа кетіп бара жатқан жоқпын, сондықтан бір-бірімізді күтіп, сағынып, мұңаюдың орнына, қашан да бірге екенімізді сезінуіміз керек. Көп жұмыс істеп, сіздерге жаңа қызық жобалармен қайта ораламын. Біреуді күту қандай қиын екенін білемін, сол үшін де «мені күт» деудің орнына, сіздерді жақсы көретінімді айтқым келеді!», — деген жазба қалдырды.
Бэкхённан кейін жаңалықты әншінің агенттігі SM Entertainment те растады:
«Бэкхён 6 мамырда әскерге кетеді. Оның қызметі қашан және қайда өтетіні — құпия. Сондай-ақ, ешқандай арнайы іс-шаралар өткізілмейді».
Айдол үш апта бойы базалық дайындықтан өтеді, одан кейін мемлекеттік қызметші міндеттеріне кіріседі.
Бэкхён EXO-ның әскерде қызмет еткен 6-шы мүшесі болмақ.