Қазақстандық Диляра Дидарқызы “Украина дауысы” музыкалық жобасының ширек финалынан шығып қалды. Бұған 1+1 украиналық телеарнасында өткен көрермендердің дауыс беру нәтижесі себеп болған.
Диляра төртінші кезеңде Виктор Цойдың танымал “Кукушка” әнін орындады.
Бұған дейін жобаның екінші кезеңінде тағы екі қазақстандық әнші қазылар алқасының шешімімен жобадан кеткен болатын.