“Әлем ханымы” атанған Жұлдыз Әбдукәрімованың “Сезін” кітабы 14 сәуірден бастап сатылымға шығады, деп хабарлайды Meloman дүкені.
Қайрат Нұртаспен 4 баласын тәрбиелеп отырған Жұлдыз Әбдукәрімова тырнақалды туындысын үш ұрпақтың — әжесі-анасы-өзінің бала тәрбиесіндегі қағидаларына арнапты.
“Ана болу — ең алдымен оны сезіну. Сондықтан да кітаптың атын “Сезін” деп атауды жөн көрдік”, — деген сөзін келтірді Меломан парақшасы.
Сондай-ақ, алғашқы туындысында Жұлдыз басынан өткен беймәлім сәттерді бөліспек.
“Мен бұл оқиғаны ешқашан айтпаймын, айта да алмаймын деп ойлағам… Иә, айтқан жоқпын, бірақ жазып шықтым. Содан бері 3 жыл өтіпті. Беймәлім сәттерімнен, естелік дәптерімнен бір үзік сыр”, — деп жазып, Нарұл есімді ұлының ауырып жатқан сәтінен видео жариялады.
“Сезін” кітабының премьерасы онлайн форматта өтеді.