Forbes журналы әлемдегі ең қымбат клубтардың рейтиңін жариялады. Бұл тізімде алғаш рет «Барселона» алға шықты. Бұған дейін 16 жыл бойы “Реал” құрамасы көш бастап келген, деп хабарлайды Vesti.kz.
“Барселона” каталон клубының құны 4,76 миллиард долларға бағаланды. Рейтиңде 16 жыл бойы көш бастаған «Реал» (4,75 миллиард доллар) бұл жолы екінші орында. Үштікті «Бавария» (4,215 миллиард доллар) қорытындылады.
Үздік 20 топқа Англия чемпионатының тоғыз клубы енді. Олардың ішіндегі ең қымбаты — «Манчестер Юнайтед»: құны — 4,2 миллиард доллар.
Forbes рейтиңі бойынша әлемдегі ең қымбат 20 клуб :
- «Барселона» (Испания) — 4,76 млрд $
- «Реал» (Испания) — 4,7 млрд $.
- «Бавария» (Германия) — 4,21 млрд $.
- «Манчестер Юнайтед» (Англия) — 4,2 млрд $.
- «Ливерпуль» (Англия) — 4,1 млрд $.
- «Манчестер Сити» (Англия) — 4 млрд $.
- «Челси» (Англия) — 3,2 млрд $.
- «Арсенал» (Англия) — 2,8 млрд $.
- ПСЖ (Франция) — 2,5 млрд $.
- «Тоттенхэм» (Англия) — 2,3 млрд $.
- «Ювентус» (Италия) — 1,95 млрд $.
- «Боруссия» Дортмунд (Германия) — 1,9 млрд $.
- «Атлетико» Мадрид (Испания) — 1 млрд $.
- «Интер» (Италия) — 743 млн $.
- «Эвертон» (Англия) — 658 млн $.
- «Милан» (Италия) — 559 млн $.
- «Рома» (Италия) — 548 млн $.
- «Вест Хэм»(Англия) — 508 млн $.
- «Лестер» (Англия) — 455 млн $.
- «Аякс» (Нидерланды) — 413 млн $.