“Үйде жалғыз қалғанда” (“Один дома”) танымал фильмінің жұлдызы Маколей Калкин алғаш рет әке атанды. 40 жастағы актер мен оның жары, актриса Бренда Соң ұлды болғаны жайлы Esquire сайты хабарлады.
Актер марқұм әпкесінің құрметіне баласының атын Дакота Соң Калкин деп қойыпты. Перзенті 5 сәуірде салмағы 3,11 келі болып туған.
Нәрестелі болған ерлі-зайыптылар Esquire-ға білдірген пікірінде “біз өте қуаныштымыз” деп қысқа қайырған.
Маколей Калкин мен Бренда Соң бірнеше жыл бұрын Тайландта түсірілген фильмде кездескен.