7 сәуірде IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Soul of GGG шектеулі киім топтамасын шығару үшін америкалық lux-бренд Soul of Nomad-пен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Forbes Kazakhstan хабарлады.
Шектеулі топтама Головкиннің былтыр желтоқсанда өткен титулын 21-ші рет қорғау кешіне арнап жасалған. Эксклюзив киім шығарудан түсетін табыс Қазақстан және әлемдегі жастардың спорттық бағдарламаларын қолдауға бағытталмақ.
GGG коллекциясында заманауи көшпенділердің гардеробына негізделген бес киім үлгісі болады. Бірінші түрі — худи.
“Бұл жобаның қайырымдылық аспектісі мен үшін маңызды. Мен Soul of Nomad брендін бұрыннан білемін. Сондай-ақ, олардың спорттағы жастар бағдарламаларын қолдауға шешім қабылдағанына қуаныштымын. Спорт мансабындағы кез келген қолдаудың қаншалық маңызды екенін білемін, әсіресе бастапқы кезеңде. Сондықтан жоба келешекте де өз жалғасын табады деген үміттемін — деді Геннадий Головкин басылымға берген сұхбатында.
Айта кетсек, Америкадағы танымал Soul of Nomad брендінің негізін салушылар да — қазақстандықтар.