Қазақстанда сәуірдің басынан бері ерікті түрде халықты жаппай вакцинациялау басталды. Осы аптада коронавирусқа қарсы екпе салдырғандар қатарында Нағима Есқалиева мен ұлы Диас Аблаев, Әли Оқапов, Ержан Мұхатаев пен Карина Абдуллина бар. Алайда оларға әлжелідегі оқырмандары сенімсіздік танытып, “жарнама үшін жасалып жатқан көзбояушылық” сынды комменттер жазуда.
Танымал «Мюзикола» дуэтінің әншісі Карина Абдуллина вакцина салдыру туралы постты өз еркімен жазғанын айтып, басқаларды да екпе жасатуға шақырды:
“Халықтың көбі неғұрлым тез вакцинацияланса, індет соғұрлым тез аяқталады. Біз өзімізді, жақындарымызды қорғап, инфекциялар тізбегін үзуіміз керек. Мен дәстүрлі медицинаның жақтаушысымын. Вакцинация бүкіл әлемдегі қалыпты өмірді тоқтатып қойды, планетада бірнеше миллион адамның өмірін қиған зиянды вирусқа қарсы тұрудың жалғыз жолы осы екеніне сенімдімін”, — деп жазды Абдуллина instagram парақшасында.
67 жасқа келген халық әртісі Нағима Есқалиева коронавирусқа қарсы екпе жасатқаны туралы өзі айтпағанымен, бұл туралы “Keruen Medicus Шарипова” медицина орталығы бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұған дейін дәл осы клиникада Есқалиеваның ұлы Диас Аблаев және Әли Оқапов, Ержан Мұхатаев вакцина салдырған болатын. Instagram-да вакцина туралы жазған Әли Оқаповқа “Жарнама, ақысы төленген пост” деген комменттер көбейді, оған әнші “Дәл қазір қателескеніңіз өкінішті. Қазір бұл (жарнама) қажет еді” деген әзілмен жауап беріп, жарнама дегендердің сөзін жоққа шығарды.
Вакцина салдырған отандық жұлдыздар туралы мақаланы оқи отырыңыз.