Танымал әнші Ерке Есмахан instagram парақшасында биыл ораза ұстамайтынын және бұған жақсы себеп барын айтты. Мұны оқырмандары әншінің аяғы ауыр деп болжауда.
Ерке Есмахан барша мұсылман қауымын Рамазан айының басталғанымен құттықтап:
“Ал мен биыл ораза ұстамадым. Оның бір жақсы себебі бар. Бірақ ауызашар жасап, сауап жинаймын, бұйырса”, — деп жазды.
Кейінгі кезде махаббатқа бөленіп жүргенін жиі жазатын Ерке Есмаханның фоллоуерлері бұл жақсы жаңалығын AZ-мен байланыстырды.
Еркенің постына жазған мынандай пікірлерді жиі кездестіруге болады: “Жақсы жаңалық? AZ-ден аяғыңыз ауыр ма?”, “Жақсы себептің не екенін 9 айдан соң білеміз бе? “, “Аяғыңыз ауыр ма?” және т.б.
Посмотреть эту публикацию в Instagram