14 сәуір “Әлем ханымы” атанған актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдукәрімова 33 жасқа толған туған күнін атап өтті. Соның құрметіне жұлдыз өзіне сый жасап, зәулім үй сатып алған. Бұл қуанышты жаңалығын instagram парақшасында бөлісті.
“Құттықтаулар мен көрімдіктеріңізді дайындаңыздар. Көп ойланбай, біз Tumar Grand Village компаниясынан үй алдық! Туған күніме үлкен сый болды”,- деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.
Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз төрт баласы үшін пәтер тар, сондықтан жаңа үй іздейтінін айтқан болатын. Бұл туралы естіген жанкүйерлер ерлі-зайыптылар ұзақ уақыттан бері бірге тұрмайды деп болжады. Алайда жұлдыз жұп жанкүйерлерінің бұл сөзін жоққа шығарды.
Сонымен қатар, Жұлдыз Әбдукәрімова 33 жасқа толған туған күнінде тікелей эфирде “Сезін” атты жеке кітабының премьерасын өткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram