Ninety one тобы жақында шығарған “Qiyalman” әніне видеоклип түсіріп жатыр. Тизері топтың instagram парақшасында жариялады.
Туынды қашан жарық көретіні белгісіз. Видеоклиптің шығар күнін сұраған жанкүйеріне топ вокалисі Alem “Әлде датасыз шығарып жіберейік па?” деп жауап берді.
“Qiyalman” әні жарық көргенде тыңдармандары 2004 жылдардағы Linkin Park, Tokyo Hotel, RHCP сияқты танымал топтардың ән айту стиліне ұқсатып еді. Енді видеоклип тизерін 2002 жылдардағы “Мятежный дух” (Бүлікшіл рух) танымал сериалының стиліне ұқсатып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram