Қытайлық этникалық қазақ Сайран Нұрданбекұлы UFC-дің UFC Fight Nights 188 турнирінде аустралиялық Джошуа Кулибаомен жұдырықтасады. Сайранның UFC-дегі дебют жекпе-жегі 23 мамыр Лас-Вегас қаласында өтеді. Бұл туралы mma_f1ghters_kz instagram парақшасында хабарланды.
Парақшаның хабарлауынша, Сайран Іле-Қазақ автономиялық округінде, Күнес уезінде дүниеге келген. Найман тайпасының Матай руының Қызай руынан шыққан.
Сайран Нұрданбекұлы ММА-да 19 мәрте жеңіске жетіп, 6 рет жеңілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram