«TikTok қолданушылары видеосындағы музыка үшін ресейлік әншілерге ақша төлей бастаған»,- дейді Forbes журналы. Бұл ақпаратты Byte Dance-тің ресейлік офисі растады.Әзірге гонарар алған әртістер мен қаражат мөлшері белгісіз. TikTok 2020 жылдың екінші жартысынан бастап монетизация үрдісін бастаған болатын.
Forbes ақпаратына сүйенсек, музыкант әр түсірілген видеоролик үшін 3-30 тиынға(копеек) дейін табыс табады. Танымал «Fendi» әнінің орындаушысы Рахим Абрамовқа 1 миллион рубль төленген. Рахимнің шығармасына 3 миллионнан астам видеоролик түсірілген көрінеді.
Продюсер Рустем Богдановтың пікірінше TikTok стримингтік платформа болуға дайындалып жатыр.