Биыл елдегі коронавирус ахуалына байланысты Наурыз мерекесі атап өтілмейтін болды. Концерт, театр, жәрмеңкелерге рұқсат жоқ. Бірақ бұған бола көңіл-күй түсіріп қажеті жоқ. Дүркіреп атап өтпесек те, орнын басқа қызықпен толтыруға болады. Алдыңғы тапсырмаға сәйкес үйді жинап, ескі-құсқыдан арылып болсаңыз, ойын-сауық жағын — Наурыз активитиді ойластырыңыз. Advent-күнтізбеміздің келесі тапсырмасы да осы. Opa редакциясы Әз-Наурыз қарсаңында ұйымдастыруға болатын мерекелік демалыс түрлерін ұсынады.
Онлайн кинотеатр
Nauryz Film Days 21-23 наурыз, 2021 жыл Тегін/Онлайн
Еуропалық Одақ пен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның Брюссельдегі елшілігі “Бозар” мәдени орталығы арқылы Орталық Азия көрермендеріне фильмдерді онлайн әрі тегін көру мүмкіндігін ұсынады.
Шараға Қазақстан атынан бірнеше ірі кинофестивальдердің марапатына ие болған Шарипа Оразбаеваның «Марьям» фильмі қатысады.
Фильмдерді тегін көру үшін https://vimeo.com сайтына тіркеліп, nowruz2021 промокодын теру керек.
Толық ақпаратты www.bozar.be сайтынан оқи аласыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Атпен серуендеу
Демалыс күндері қаладағы көлік қозғалысынан бір уақыт демалып, таза ауада атпен серуендеуді ұсынамыз. Алматыда бірнеше иподром жұмыс істейді. Солардың бірі — қала ішінде орналасқан “Тұлпар” ат-спорт кешені. Мұнда кәсіби мамандардан атқа отыруды үйрене аласыз. Сондай-ақ, жылқылармен фотосессия өткізуге болады. Қарныңыз ашса, жақын маңда TEXAS BBQ мейрамханасы бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Арт-терапия/Қыш құмыра жасау
Наурыз мерекесін ерекше атап өтудің тағы бір жолы — арнайы орталықтарға барып, саз балшықтан қыш құмыра жасап көру. Бұл бір жағынан арт-терапия. Мұндай орталықтардың бірі — Dala crafts. Бұл жерде жай сурет салудан бөлек, құм бетіне де сурет салып үйренуге болады. Одан бөлек, саз балшықпен жұмыс істеп, каллиграфиялық машық дамытуға болады. Досыма осындай сыйлық жасаймын десеңіз, мастер-классқа сертификат алыңыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram