Канадалық General Assembly асханасы әлемде бұрын-соңды болмаған пиццаға жазылу қызметін іске қосты. Белгіленген ақы — 39 долларға төрт, алты, сегіз немесе он мұздатылған тағам жинақтарын клиенттің есігіне дейін жеткізіліп отырады.
Пицца жасау үшін оны 5-7 минутқа пешке салу керек. Сондай-ақ, General Assembly өз өнімдерінің супермаркеттерден табуға болатын әдеттегі жартылай фабрикаттарға мүлдем ұқсамайтындығына сендіреді. Тағамдар желісінің пиццаларында тек ашытқы қамыры, моцарелла және басқа да жоғары сапалы ингридиенттер қолданылады.
Диаметрі — 25,5 см пиццаның 6 түрі бар екен. Бұл — классикалық Маргарита пиццасының аналогтары, пепперони әуесқойлары үшін Loving Cup және вегетариандар үшін Garden Smash пиццасы.
Әзірге пиццаға жазылу тек Торонтода ғана қолжетімді, бірақ General Assembly бұл қызмет жақында Канаданың барлық жерінде жұмыс істейтін болады деп уәде береді.