«Жапониялық Muji компаниясы өсімдіктекті еттен жасалған тіскебасарлар өндіріп шықты», — дейді Fast Company. Жасанды етті бөлме температурасында сақтауға болады. Ваккумді қаптамадағы фарш, фрикаделька мен жұқалап туралған еттің бағасы — 2,75$. Өсімдіктектес ет соя бұршағынан жасалады. Дәмі мен құрылымы етпен бірдей.

Muji компаниясы жаңа өнім ет сұранысын қамтуға көмектеседі деп отыр. Болжам бойынша 2050 жылы адам саны 10 млрд-қа жетеді. Бұл уақытта етке деген сұраныс қазіргіден екі есеге дейін артуы мүмкін.
Fast Company-дің ойынша, соя бұршағы — етті алмастыра алатын өнім. Соядағы ақуыздар мөлшері тауық, шошқа, сиыр етімен салыстырғанда көбірек.
Өсімдіктен тамақ өндіру суды үнемдейді. Атмосфераға көмірқышқыл газы да аз бөлінеді. Үкіметаралық сарапшылар тобының пікірінше, өсімдіктекті тамақ өндіру 2050 жылға қарай ауадағы көмірқышқыл газы мөлшерін жылына 8 млрд тоннаға дейін азайтады.