Яндекс таксиде қызмет ететін 200 қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістегі үкімет сағатында депутат Елнұр Бейсенбаев хабарлады.
«Қазақстанда 200 мыңға жуық азамат Яндекс такси арқылы нәпақасын табады. Меніңше, бұл аса қырағылық пен үкіметтің тікелей назар аударатын басты мәселесі. Яндекс такси қосымшасының таксишілерден алатын комиссиясы — 18-22 пайыз. Ресейге әртүрлі санкция салынып жатыр. Мысалы қателеспесем Эстония мен Литва Яндекс таксидің жұмысын тоқтатты. Ертең 200 мың қазақстандық бір күнде жұмыстан сырт қалу қаупі бар», — деді депутат Елнұр Бейсенбаев
Бұл — біздің Қазақстанның салығынан да көп комиссия. 200 мыңға жуық қазақстандық соншама ақшаны шетелдік ұйымға кетіріп жатыр. Дептутаттың бағамдауынша, комиссиясының жоғары болуын DiDi компаниясының кетуімен байланыстырды.