Ресейлік дінтанушы Шамиль Рифатович Аляутдинов Астанада 4 желтоқсанда өтетін тренингке келмейтінін хабарлады.
Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде ресейлік дінтанушының форумға қатысуы қызу талқыға түскен болатын. 4 желтоқсанда Астанада «Жаңа шынайылық» атты үлкен форум өтеді. Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, ол форумға белгілі қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембай, блогер Бейбіт Әлібеков пен ресейлік дінтанушы Шәміл Аляутдинов қатыспақ. Әлеуметтік желі қолданушылары Аляутдиновтың Украинадағы соғысты қолдап сөйлеген сөзін бөлісіп, форумға оның қатысуына жол бермеу керек деп пікір қалдырған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осыған байланысты Аляутдинов осындай: «Құрметті қазақстандықтар! 4 желтоқсанда Астанада өтетін тренингке мен бармаймын. Қосымша наразылық туғызып, ұйымдастырушылар мен спикерлерге проблема тауып бергім келмейді. Ал осыны ұйымдастырып, маған қарсы ақпаратты бірінші таратқандар, осынау өтірік пен айыптауды ұйымдастырушылар – сіздерге Құдай сот! Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтаудың… Жоқ… Сол себепті газға басамыз», — деп хабарлама жіберді.