Қазақстан Германияға мұнайды қаңтардан бастап экспорт бастауы мүмкін. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.
Ол Германияның Экономика және климатты қорғау министрлігінің өкілі Михаэль Келлнермен және Германияның солшыл партиясының депутаты Кристиан Геркемен кездесуінде қазақстандық мұнайды Шведттегі мұнай өңдеу зауытына экспорттау мәселелерін талқылады.
«ҚазМұнайГаз» ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, Германияға сынақ ретінде мұнай партиясын 2023 жылдың қаңтар айында жөнелту мүмкіндігін қарастырып жатыр» , — деді Мағзұм Мырзағалиев.