Мархаба Сәбидің “Қой, күрсінбе” деген жаңа әні жарық көрді. Youtube-ке жүктелген ән көпшілікке ұнаған көрінеді, әнді тыңдағандар бір де-бір дизлайк баспаған.
“Күрсініс көбейіп кеткен болса, тыңдап көріңіз. Мүмкін, сәл жеңілдеп қаларсыз”, — деп тыңдармандарын күрсінбеуге шақырған Мархаба Сәбидің бұл осы айда шығарған екінші әні. Бір апта бұрын ғана әнші тыңдармандарына “Ұяң” әнін ұсынған.
Youtube-тегі видеоға пікір қалдырғандардың көбі әннің дер кезінде шықанын айтып жатыр.
“Дәл керек ән болды маған қазір. Көлігімді ұрып алып ойланып отыр едім. Дәл айттыңыз, аман болайық”, — деген комменттер кездеседі.